top of page

БІЗ ЖАЙЛЫ

Қызылқой ауылдық кітапхана. Нұраталды округі Қызылқой елді мекеніндегі ауылдық Мәдениет  үйінде орналасқан.Қызылқой ауылында 400-ге жуық халқы бар.Кітапхана 2008 жылы ашылған. Ең бірінші бұл кітапханада, қазақ тілінің маманы, мұғалім Мустафина Маржан жұмыс атқарған.

Кітапханаға 2010 жылы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, орталық қазандықтан жылу жүйесі тартылды.

Қазіргі таңда осы кітапханада мен Сауғабекова Айгүл жұмыс атқарады.

 Кітапханам екі бөлмеден тұрады, аумағы 58 шаршы метр.Ішінде 10 стеллаж, 3 көрме стеллажы,1компьютер, принтр, стол, орындық, телефон бар. Мен осы кітапханаға келгенде кітап қоры 1168 болған, 62 оқырман болған.

Бүгінгі күнде кітапхана қорында 2921 дана кітап қоры бар, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиет 2784, балалар әдебиеті 99 кітап. Биылғы жылы 160 дана кітап түсті. Барлығы 3081 кітап қорын құрады.  Жылдан жылға мемлекеттік тілде кітаптар көбеюде. 17 атаудағы мерзімді басылымдарға тапсырыс берілді.

Кітапханаға  305 оқырман тіркелген, оның ішінде балалар саны 77.

Бір жылдағы кітап берілімі 6000, келушілер саны 3304. Кітапханада оқырмандар топтарына қарай іс-шаралар өткізіліп тұрады, ауыл мектебімен бірігіп жұмыс атқарады.

Сауғабекова Айгүл 
Кітапханашы 
bottom of page